top of page

Қарағанды зауыты болатты дезоксидтейтін қорытпа өндірмек

Обновлено: 12 нояб. 2021 г.




Қарағанды зауыты болатты дезоксидтейтін қорытпа өндірмек Сейсенбі, 26 Қазан 2021 20:33Категория: Қоғам Қарағанды облысы бірінші болып ферросиликоалюминий өндірісін бастайды. Бұл – қазақстандық ғалымдар әзірлеген технология бойынша отандық шикізаттан шығарылатын өнім. Болатты дезоксидтеуге қолданылатын «Қазақстандық» қорытпасын «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында салынып жатқан Қарағанды кешенді қорытпалар зауыты өндіреді. Сарапшылардың айтуынша, бұл өнімге сұраныс жылына 4 млн тонна шамасында. Іргесі енді қаланып жатқан мына алып зауыт 90 гектарлық аумаққа салынады. Қазір жеті цехтің ең алғашқысының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта осында «Қазақстандық» қорытпасы шығарылады. Ол болаттың дәстүрлі дезоксиданттарының анағұрлым тиімді аналогы болып есептеледі.


"Болатты дезоксидтеу технологиясы ферросилиций мен алюминийдің бірлесе қолданылуын қамтиды. Ал кешенді қорытпаны аталған екі компоненттің орнына енгізген кезде, алюминийдің болатқа сіңуі жоғары деңгейде жалғасып, мықты болат түзіледі. Есесіне аллюминий мен кремний шығындары бірнеше есе азаяды. Бұл болат өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

– Дмитрий Кравченко, Кешенді қорытпалар зауыты бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары.


Қазақстандық қорытпа әлемдегі алты металлургиялық зауытта сынақтан сәтті өтті. Қытаймен жылына 100 мың тонна шикізат жіберуге келісімшарт жасалған. Жоба инвесторы – Bonarda Invesments халықаралық тобы.


"Бұл топ әлемнің сегіз мемлекетінде жұмыс істейді және әлемдегі жоғары көміртекті ферромарганецті өндіретін ең ірі кәсіпорындарының бірі. Топ қазақстандық ғалымдар әзірлеген технологияға қызығушылық танытып, зауыт құрылысына инвестиция салуға шешім қабылдап отыр. Бүгінгі таңда біздің инвесторлар үшін не маңызды деген сауалға келсек, инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасында қол қойылған шарттардың тұрақтылығы ғана керек.

– Сәкен Есжанов, Кешенді қорытпалар зауыты бас директорының орынбасары.


Инвестор өз қаражаты есебінен АЭА электр қуатын 180 МВт-тан 475 МВт-қа дейін кеңейтеді. Алғашқы өнімдерді шығару 2022 жылдың соңына жоспарланған. Бастапқы кезеңде осында жылына 180 мың тонна қорытпа өндірілмек.


Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев


16 просмотров0 комментариев

Comments


bottom of page